Луизиана штатында орман өрті жиілеп кетті
Биыл АҚШ-тың Луизиана штатында аптап ыстық пен қуаңшылықтан орман өрті жиілеп кетті.
Тамыз айында аймақта орманды алқаптар 550 рет отқа оранған. Солардың бірі Борегар округіндегі өрт. Лаулаған жалыннан 1 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше апта күресіп әзер өшірді.
Кевин Джонсон, жергілікті тұрғын:
-Өрттен осы маңдағы орманды алқап тып-типыл жанып кетті. Олардың қалпына келуі үшін қанша уақыт кетеді. Ойласаң жаның ауырады.
Өрт елді мекендерге жақындады
Австралияның Квинсленд штатында да орман жанып жатыр. Өрт Бирва қалашығына жақын жердегі ұлттық парктен шыққан. Жалын осы маңдағы кей елді-мекенге жақындап, тұрғындар эвакуацияланып жатыр.