Үндістан Айдан күкірт тапты
Ай кеңістігінде күкірттің бары анық.
Чандраян 3 үндістандық аппараты арқылы осындай деректер анықталып отыр. Ғалымдар күкіртті минералдың ішінде немесе кристалдың бөлігі ретінде емес, Ай бетінің өзінде өлшенгені "үлкен жетістік" дейді. Сондай-ақ Ай бетінде су мұзының бар екенін көрсетеді. Күкірт жақсы тыңайтқыш, сондықтан өсімдік өсуі де мүмкін, дейді үндістандық ғалымдар. Естеріңізде болса, Чандраян 3 аппараты Айға тамыздың 23-і күні қонған. Зонд топырақты зерттеп, тектоникалық өзгерістерді анықтау үшін ұшырылған еді.