Афина көшелерінде көлік қозғалысы тоқтады
Грекия астанасы Афинада мыңдаған наразы тұрғын қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан қоғамдық көлік қозғалысы толық тоқтады.
Тұрғындар үкіметтің еңбек заңнамасын өзгерту жоспарына қарсы. Жаңа заң жобасы бойынша жұмыс күні 13 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар 6 күндік жұмыс аптасына көшу де жоспарланған.