Қытайлық тайконавтар ғарышта теннис ойнап жүр

Қытайлық «Шэньчжоу-16» кемесінің тайконавтары ғарышта теннис ойнады.

Доптың орнына олар су шарын пайдаланды. Себебі үстел теннисіне арналған кәдімгі ракеткамен ғарышта су тамшысын қозғалту мүмкін емес. Ол ракетка бетіне жабысып қалады. Сондықтан экипаж мүшелері су шарын пайдаланып, әбден көңіл көтерді.

Естеріңізде болса, осы жылдың мамыр айында Қытайдың «Шэньчжоу-16» кемесі орбитаға кезекті ғарышкерлерді жеткізіп әлемдік рекорд орнатты. Қазір ғарыш кемесінде Ресей, Қытай, АҚШ, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінен барлығы 17 ғарышкер жұмыс істеп жатыр.