Жанартау атқылауынан келген зиян
Филиппинде Тааль жанартауы оянды.
Ел астанасы Манилаға жақын жерде орналасқандықтан оны көру үшін әдетте туристер көп жиналады. Алайда, биыл ауаға күкірт диоксиді мен түтін көп мөлшерде тарады. Осыған байланысты 10 шақты елдімекенде мектептер уақытша жабылды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тыныс алуы қиындап кеткен 60-қа жуық адам жергілікті ауруханаларға жүгінген. Қазір тұрғындарға бетперде таратылып жатыр. Осыфдан үш жыл бұрын осы жанартау атқылап, 100 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған еді.