Тайваньдағы зауытта жарылыс болды

Тайваньда гольфқа арналған құрал-жабдық өндіретін зауытта 2 бірдей жойқын жарылыс болып, 6 адам ажал құшты.

Тағы 3 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Құрбандардың үшеуі – өрт сөндірушілер. Бірінші жарылыстан кейін от шығып, оны өшіріп жүрген кезде екінші жарылыс болған. Зауыттың 102 қызметкері дәрігер көмегіне жүгінген. Жарылыс себебі әзірге белгісіз. Тергеу басталды.

- Қауіпсіздік қызмет кеңсесінде отырғанымда жарылыс дауысын естідім. Іле-шала аппақ түтін тарады. Үсті-басын толық қан жуған 7 адамды көрдім. Оларға шынының сынықтары тиген сияқты.