Пхукет аралын тасқын су басты
Таиландтағы ең басты туристік орталықтардың бірі – Пхукет аралы су астында қалды.
Тасқын салдарынан халықаралық әуежай жұмысында кедергі туындап, ондаған әуе рейсі кейінге шегерілген. Маңызды жолдарды су шайып, электр желілері үзілді. Метеорологтар туристер мен тұрғындарға сыртқа шыққанда абай болуға шақырып жатыр. Жауын-шашын әлі бірнеше күн жаууы мүмкін.