Италияда мигрант мәртебесін алу үшін кепілге ақша қою керек
Италияда босқын мәртебесін алу үшін кепілге ақша қою керек.
Депозиттегі қаржы мөлшері 5 мың еуродан кем болмауға тиіс. Бұл туралы еуропалық елдің Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланды. Осылайша билік толассыз келіп жатқан заңсыз мигранттар нөпіріне тосқауыл қоймақ ниетте. Жыл басынан бері Италияға 133 мыңдай босқын келген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп.