Суданда қарулы қақтығыстан экономикалық дағдарыс күшейді

Суданда қарулы қақтығыстан экономикалық дағдарыс күшейді

Суданда қарулы қақтығыстан экономикалық дағдарыс күшейіп, 5 жарым миллионға жуық адам баспанасын тастап босып кетті.

Олардың 1 миллионнан астамы көрші елдерді паналаған. Соғыстан барлық сала тұралап, халықтың әл-ауқаты нашарлаған. Инфрақұрылымға зор шығын келді. Соның салдарынан 49 миллион тұрғыны бар елде адамдардың көбі шетелдегі туған туыстарының қаржылай көмегімен күн көруге мәжбүр. БҰҰ биыл мемлекетте 20 миллион адамның ашаршылыққа ұшырау қауіпі бар деп отыр.

Омар Халил, босқын:

- Қазір судандықтардың басты тірегі шетелде тұрып жатқан туған туыстары. Елде тұрғындардың 90 пайызы солардың қаржылай көмегімен күнелтіп отыр. Қақтығыстан көп адам өзге елдерге бас сауғалауға мәжбүр.