Швецияда екі үйде жарылыс болды

Швеция астанасы Стокгольмде бір мезетте екі тұрғын үйде жарылыс тіркелді.

Соның салдарынан үш адам ауыр жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, жарылыстың бірі қаланың қақ ортасында, ал екіншісі қала шетіндегі Линчёпинг ауданында болды. Қазір тәртіп сақшылары екі жарылыстың бір-бірімен байланысын зерттеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша бұл есірткі сатушылардың жасаған әрекеті. Биыл жыл басынан бері бандалар әрекетіне байланысты 120-дан астам жарылыс тіркелді. Үкімет топтасқан қылмысқа қарсы ұзақ мерзімді шаралар қабылдауға ниетті.