Италияда мигранттарға арналған орталық ашылды

Италияда пана іздеп келген мигранттарға арналған алғашқы орталық ашылды.

Мұнда шетелдіктерге босқын мәртебесін беру жағы қарастырылады. Егер негіз жоқ болса, мигрант бірден өз еліне қайтарылады. Осылайша, жергілікті билік кейінгі жылдары күрделеніп кеткен заңсыз көші-қон мәселесін тезірек шешуді көздейді.

Мәселен, биылдың өзінде Италияға 133 мыңнан астам адам пана іздеп келген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2 есе көп.