Германия шекарадағы бақылауды күшейтеді
Германия Польша және Чехиямен арадағы шекарасын бақылауды күшейпек.
Бұған заңсыз мигранттардың күрт көбеюі себеп. Шекара маңында полиция патрульдерін ұлғайту жоспарланып отыр. Шара апта соңынан бастап жүзеге асырылады. Мәліметке қарағанда биыл Германияға заңсыз кірген мигранттардың саны 70 мыңнан асқан. Босқындардың басым бөлігі Сирия, Ауғанстан және Ирак азаматтары.
Нэнси Фезер, Германия Ішкі істер министрі:
- Біз қазір Польша және Чехия арқылы босқындарды заңсыз тасымалдаумен күресу үшін қосымша шаралар қарастырып жатырмыз. Мақсатымыз – қылмыстық топтардың мұндай ісіне тосқауыл қойып, мигранттарды қорғау.