Пәкістанда лаңкестік әрекеттен 52 адам ажал құшты
Пәкістанның Белуджистан провинциясында жарылыстан 52 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 70-ке жуық кісі жараланды. Лаңкестік әрекет Мастунг қаласындағы мешіт маңында болды. Алдын-ала ақпарға қарағанда, содыр жиналған жұрттың арасына кіріп, бомбаны іске қосқан болуы мүмкін. Шабуылды қандай лаңкестік топ ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.