Сарапшы: Санкция еш нәтиже бермейді
Санкциялардың тиімділігі жоқ. Бұл – британиялық саяси сарапшының пікірі.
Саймон Дженкинс – соңғы 15 жыл бойы аталған мәселені терең зерттеп жүрген тәжірибелі маман. Оның айтуынша, тарихта санкциялар бір жағдайда ғана нәтиже берген. Яғни, АҚШ Суэц соғысы кезінде Ұлыбританияға наразылық ретінде валюта нарығын жауып тастаған. Осыдан кейін Британия әскери әрекетін бірден тоқтатқан. Сарапшы «жалпы экономика және сауда-саттық шарттарын өзгерте отырып, өзге мемлекеттің саясатына ықпал етеміз деу бос әурешілік» деген пікірде.
Саймон Дженкинс, саяси сарапшы:
- Куба, Ауғанстан, Мьянма, Венесуэла және басқа да 30-ға жуық мемлекетке Батыс әртүрлі формада санкция салды. Бірақ режимдеріне еш әсер еткен жоқ. Биліктегілер немесе бай адамдар емес, кедей-кепшіктер зардап шекті. Меніңше, санкция – адамгершілікке жат қылық. Қандай да бір мемлекеттің үкіметін өзгертемін деп қарапайым халықты қинаудың қажеті жоқ.