Нидерландта студент 3 адамды атып өлтірді
Төтенше жағдай Роттердам қаласында болған.
Полицияның хабарлауынша, күдікті алдымен пәтерде 2 адамға оқ атқан. 39 жастағы әйел оқиға орнында, ал 14 жастағы қызы ауруханада бірнеше сағаттан кейін көз жұмды. Бұдан кейін күдікті университет кампусына барып, дәріс өтіп жатқан аудиторияға баса-көктеп кіріп, 42 жастағы мұғалімді атып өлтірген.
Күдікті «Эразмус» медициналық университетінің 32 жастағы студенті болып шықты. Қазір уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы үй жануарларын аяусыз өлтіргені үшін жауапкершілікке тартылған.