Орталық Азия – инвесторлар үшін икемді өңір

Берлинде өтіп жатқан «С5+1» диалогы арадағы ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізеді.

Неміс кәсіпкерлері осылай дейді. Олардың айтуынша, Орталық Азия – тез дамып келе жатқан өңір. Сондықтан инвесторлар үшін де тартымды.

Клаус Мангольд, Германия экономикасы Шығыс комитеті президиумының мүшесі:

- Кездесу керемет өтті. Бес мемлекет басшысының қатысқаны дұрыс болды. Олар өз елдерінің мүмкіндіктерін таныстыра алды. Сөйтіп, неміс кәсіпкерлері қай бағытта бірге жұмыс істеп, қай жобаларды кеңейтуге болатынына көз жеткізді. Орталық Азия – қарқынды дамып келе жатқан өңір. Германия бұл аймақтың өркендеуіне өз үлесін қосуға ниетті.

Тобиас Фауш, BayWa компаниясының атқарушы директоры:

- Германия үшін Орталық Азияның маңызы артып келеді. Біз өңірдегі компаниялармен ынтымақтастығымызды нығайтуға ниеттіміз. Кездесуде энергетика мен ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды талқыладық.