АҚШ-та 2 бірдей ірі жол апаты болды

АҚШ-та 2 бірдей ірі жол апаты болды

Иллинойс штатында жүк көлігі бірнеше автомобильді соғып, 5 адам ажал құшты.

Тағы бесеуі жараланған. Жүк көлігі аммиак қышқылын әкеле жатқан. Оның көп бөлігі далаға төгілді. Осыған байланысты жарты мыңға жуық тұрғын шұғыл қауіпсіз жерге көшірілген. Мамандар ауаға жайылған аммиак қышқылы адамның тыныс алуына қауіп төндіруі мүмкін дейді.

Тим Макмахон, өрт сөндіру қызметінің басшысы:

- Өкінішке қарай, аммиак қышқылы әлі төгіліп жатыр. Мамандар оны тоқтата алмай әлек. Жол уақытша жабылды. Апат себебі де анықталған жоқ. Тергеу амалдары басталды.