Португалия тұрғындары шеруге шықты
Мыңдаған тұрғын Португалияның 24 қаласы мен астанасы Лиссабонда көше жағалап, шеруге шықты.
Шарықтаған баспана бағасы оларды наразы етті. Жергілікті талдау агенттігінің мәліметінше, 2015 жылы Лиссабонда пәтер жалдау 65%-ке, ал тұрғын үй сату бағасы 137%-ке өсті. Жылжымайтын мүлік құнының қымбаттауына елге қысқа мерзімге келетін мигранттардың көптігі әсер етіп отыр. Португалия Батыс Еуропадағы ең кедей мемлекет саналады, жартысына жуық ел тұрғындарының айлық табысы мың еуродан төмен.
Рита Силва, қала тұрғыны:
- Жағдай қиындай түсті. Пәтерді жалға алу бағасы өсіп барады, ипотекалық төлемдер айтарлықтай артты. Көбіміздің басымызда баспана жоқ, қайда барарымызды білмейміз.