Безгекке қарсы жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат етілді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы безгекке қарсы жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді.
"АР21" (R21) деп аталған екпені Оксфорд университетінің ғалымдары жасап шығарды. Вакцинаның басты артықшылығы оны үлкен көлемде әрі жылдам дайындауға болады. Бұл әлемде безгекке қарсы екінші вакцина. Жалпы бұл ауру маса арқылы тарайды. Африкада аталған дерттен жыл сайын жарты миллионға жуық бала көз жұмады.
Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:
- Бүгін Дүнииежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларды безгектен қорғайтын "Ар21/Мэтрикс-экс" вакцинасын пайдалануға рұқсат берді. Сынақтар екпенің қауіпсіз екенін көрсетті. Вакцина қолданылған аймақтарда 1 жылдың ішінде сәбилердің дертке шалдығуы 75 пайызға азайды.