Испания жағалауында 58 мигрант құтқарылды

Испания жағалау күзеті теңізде 58 мигрантты құтқарды.

Олардың арасында әйелдер бар. Босқындар қайықпен Канар аралдарына бет алып бара жатқан. Бірақ күн райы бұзылып, апатқа ұшырай жаздаған. Соңғы айларда теңіз арқылы Канар аралдарына қарай ағылған мигранттардың қарасы көбейген. Ресми дерекке сүйенсек, жыл басынан бері мұнда 15 мың босқын келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп, дейді жергілікті билік.