Әбдел Фаттах ас-Сиси Египеттегі президент сайлауына қатысады
Мысырдың қазіргі мемлекет басшысы Әбдел Фаттах ас-Сиси алдағы президент сайлауына қатысатынын жария етті.
Осылайша ол басты саяси додаға үшінші рет үміткер ретінде тіркеліп отыр. Ас-Сиси алғаш 2016 жылы жеңіске жетіп, 2018 жылы қайта сайланған болатын. Бұл жолы тағы басым түссе, ол елді 2030 жылға дейін басқармақ. Мысырдағы президент сайлауы 10, 12 желтоқсан аралығында өтуі тиіс.
Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Мысыр президенті
"Еліміздің игілігі үшін мен алдағы президент сайлауына қатысуға бел будым. Бәріміз бірлесіп қолға алған істерді жалғастыра отырып, халқыма адал қызмет етуге уәде беремін. Барлық азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, елімізді басқаруға лайықты тұлғаны асқан жауапкершілікпен таңдауға шақырамын".