БҰҰ бітімгерлері Гаитидегі қылмыстық топтармен күреседі
БҰҰ Гаитиге жаңа бітімгерлер миссиясын аттандыруға келісті.
Олар қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналыспақ. Миссияға жетекшілік ету Кения үкіметіне жүктелді. Бітімгерлерге Гаитидегі қылмыстық топтармен күресуде айрықша құқықтар берілген. 2021 жылғы жер сілкінісі мен бұрынғы президент Жовенель Моизге қастандық жасалғаннан кейін елде қарулы топтар көбейіп кетті. Жергілікті ақпарат құралдары олар Гаити астанасының 80 пайызы мен аймақтардың көп бөлігін бақылауға алғанын айтады.
Жан Виктор Женеус, Гаити сыртқы істер министрі:
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Гаити халқы мен үкіметі атынан осындай шешім қабылдағаны үшін алғыс білдіремін. Жиынға қатысушылар бұл қадам арқылы қиын қыстау кезеңді бастан кешіп жатқан Гаити халқына қолдауын білдірді.