Норвегияда тұзды суды тұщыландырудың жаңа жүйесі енгізілді
Жергілікті компаниялардың бірі теңіз деңгейінен 400 метр төмен жұмыс істейтін арнайы қондырғыны патенттеді.
Жүйе салыстырмалы түрде аз энергия жұмсай отырып, тұзды суды сүзеді. Құрылғы күніне 50 миллион литрге дейін тұщу су дайындай алады. Ал бұл өз кезегінде 400 мың тұрғыны бар қаланы қамтамасыз етуге жеткілікті. Идея авторлары осылайша су дағдарысын шешуге үлес қоспақ.