Колумбияда тұрғын үйлердің жанына ұшақ құлады

Колумбияның Кали қаласында жаттығу жасауға арналған ұшақ тұрғын үйлердің жанына құлап, отқа оранды.

Апаттан кейін ұшқыш қанша жанталасқанымен, кабинадан шыға алмай, жан тапсырған. 1 адам жараланды. Мамандар келгенше тұрғындар өртті сөндіруге көмектескен. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ жергілікті авиация мектебіне тиесілі. Тергеу басталды.