Пәкістанда заңсыз мигранттарға қарсы ауқымды операция басталды
Іс-шара барысында елде тіркеусіз жүрген босқындар шұғыл еліне қайтарылады.
Ресми дерекке сүйенсек, бұл мемлекетте қазір 4,5 миллиондай мигрант бар. Олардың 1 миллион 700 мыңы – ауған азаматтары. Биліктің операцияны дәл қазір қолға алуына себеп бар. Соңғы кездері Ауғанстан мен Пәкістанның арасы қатты ушығып, лаңкестік әрекеттер жиілеп кеткен.
Абдулла Шах Бухари, Ауғанстандық босқындар қауымдастығының басшысы:
- Біз Пәкістан үкіметінен осында баяғыда келген босқындарға жеңілдік жасауды сұраймыз. Мұнда 44 жылдан бері тұратын Ауғанстан азаматтары өте көп. Біз олардың елге оралуы үшін кем дегенде 3 жылдай уақыт беру керек деп есептейміз.