Польша мен Чехия шекарадағы бақылауды күшейтті

Польша мен Чехия Словакиямен арадағы шекарада бақылауды күшейтіп, тексеру бекеттерін ашты.

Шектеу осы мемлекеттен заңсыз кірген мигранттардың көбеюіне байланысты енгізілген. Шара 10 күнге есептелген, қажеттік туындаса одан әрі созылмақ.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Словакия аумағына былтыр 425 мың заңсыз мигрант өткен. Бұған дейін Германия билігі де осындай амалға көшкен еді.