Айға алғаш рет коммерциялық ғарыш кемесі ұшырылады
Зымыранды Хьюстондағы Inuitive machines аэрокомпаниясы жасап шығарған.
Салмағы – шамамен 2,2 тонна. NASA оны камера және лазер сияқты қажетті құрылғылармен толық жабдықтаған. Осы технологиялар арқылы дерек жинақталады. Әсіресе зымыранның Ай бетімен өзара әрекеттесуі басты бақылау болмақ.
Айта кетейік, осыдан 51 жыл бұрын америкалық ғарышкерлер аспан әлемін зерттеу үшін Ай бетіне соңғы рет сәтті қонған болатын.
Тим Крейн, компанияның техникалық директоры:
- Жалпы коммерциялық ғарыш кемесінің кәдімгі зымыраннан еш айырмашылығы жоқ. Тек ол Айға жеткенше Күннен жеткілікті қуат алуы қажет. Әйтпесе Ай – өте салқын ғаламшар, сондықтан ол жақта энергия көзі атымен жоқ. Яғни, жол бойы Күннен алған қуат Айдағы зерттеу аяқталғанша толық жететіндей болуы керек. Осының бәрі сәтті жүзеге асса, ғарыш саласында ғаламат жаңалықтар ашылады деп сенемін.