Калифорнияда 75 мың адам жұмыс орнын тастап кетті
Калифорниядағы «Кайсер Перманент» медициналық сақтандыру компаниясының 75 мың қызметкері бір мезетте жұмыс орындарын тастап кетті.
Жалақының аздығына наразы мамандар қала көшелерінде ұрандатып шеруге шықты. Олардың қатарында дәрігерлерден басқа орта, кіші буын қызметкерлері, техникалық мамандар бар. Акцияға қатысушылар компания басшысынан жоғары жалақы, қызметкерлер санын арттыруды талап етіп отыр.