Бейбітшілік бойынша Нобель лауреаты анықталды

Бейбітшілік бойынша Нобель лауреаты анықталды

Биыл Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы ирандық Наргес Мұхамадиге берілді.

Ол Иранның адам құқықтарын қорғау орталығының вице-президенті. Нобель комитетінің хабарламасында марапаттың оған "әйелдердің және адамзаттың бостандығы үшін күрескен әрекеттері үшін" берілді делінген. Айта кетейік, биыл бұл сыйлыққа 92 ұйым мен 259 адам ұсынылды.  Нобельдің өзге саладағы сыйлықтарынан айырмашылығы Бейбітшілік сыйлығы Норвегия емес, Швецияда тапсырылады. Марапаттау рәсімі осы жылы желтоқсанда өтеді.