Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ мәдениетімен танысты
Оңтүстік Кореяның Йосу қаласының тұрғындары қазақ мәдениетімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара мәдени фестиваль аясында өтті. Оған 15-ке жуық мемлекет қатысты. Бір күн ішінде фестивальге 10 мың адам келді. Көбі қазақтың ұлттық киімдерін киіп, құрт пен басқа да тағамдарынан дәм татты.
Балнұр Айтбаева, Пусан қаласындағы ҚР Бас консулдығының қызметкері:
- Корейлер дизайнерлік киімдерімізді көріп қатты таңғалды. Біз осы шараға қазақстандық дизайнерлердің киімдерін әдейі алдыртқан едік.
Самуэль Чон, Корей мәдени ассоциациясының президенті:
- Осы павильондарда Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі өткен еді. Келесі жылы мәдени фестивалімізге 30 жыл толады. Сондықтан біз осы павильондарда ауқымды шоу ұйымдастырғымыз келеді. Фестиваль өңірдегі туризмді дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын.