Канар аралдарына заңсыз көшіп келушілер көбейді
Мәселен, Испанияның Жағалау күзеті соңғы тәулікте босқындар мінген 3 қайықты тоқтатты.
262 адам заңсыз жолмен ел аумағына өтуге тырысқан. Ресми статистикаға сәйкес, биыл Испанияға теңіз арқылы келген мигранттар саны былтырғы сәйкес кезеңнен 20 процентке көп. Өткен айда Канар аралдарына 3,5 мыңнан астам адам келіп, қоныстанды.