Сингапур аспанын түтін басты
Сингапур аспанын тұман басты.
Көрші Индонезиядағы орман өртінің түтіні бірнеше мемлекеттің аумағына тарады. Нақтырақ айтқанда, Сингапурдың шығыс және орталық бөлігінде ауа сапасы нашарлап, қауіпті деңгейден асып кетті. Тұрғындар бас ауруы мен тыныс алудың қиындауына шағымданып отыр. Ел билігі далада ұзақ уақыт жүрмеу жөнінде ескертті. Жалпы қоршаған ортаны қорғау, оңтүстік-шығыс Азиядағы күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Күні кеше ғана Малайзия билігі де Индонезияға айып таққан еді.