Тель-Авивте әуе қатынасы тоқтатылды
Тель-Авивте әуе қатынастары толық тоқтатылды.
Израиль соғыс жағдайын жариялаған соң шетелдік авиакомпаниялардың барлығы дерлік бұл бағытта уақытша ұшпайтынын жариялады. Сонымен қатар Тель-Авивтегі халықаралық әуежайда бомба жарылған жағдайда тығылуға болатын орындар дайындалуда. Еске салайық, Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыстан екі елдің 1100-ден астам азаматы қаза тауып, 4 мыңға жуық тұрғын жарақаттанды. Бұл Израиль-Палестина арасындағы соңғы 50 жылдағы ең шиеленісті жағдай.