Түркі әлемінің нотариалдық одағы құрылды
Түбі бір түркі жұрты ортақ құжат жүйесіне көшті.
Енді, туыстас елдің азаматтары, өз еліндегі нотариуста жасатқан құжаттарын Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерде апостиль және аудармасыз қолдана алады. Жаңа жоба Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркия елдерінде заңды күшке ие. Шешім, Анкарада өткен салтанатты рәсімде қабылданды. Оған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Әділет министрлері мен Нотариалдық палата өкілдері қатысты. Түркі әлемі нотариалдық одағының құрылуы бюрократиялық жұмыстарды қысқартып, құжат рәсімдеу мерзімін біршама азайтпақ дейді мамандар.
Йылмаз Тунч, Түркияның Әділет министрі:
- Түркі әлемінің нотариалдық одағы - теңдесі жоқ бірегей жоба. Бұл нотариус кәсібін дамытуда әлемге үлгі болмақ. Болашақта бұл ынтымақтастыққа тілек білдірген басқа түркі тілдес мемлекеттер де қосылып, одан әрі нығаяды деп ойлаймын.