ДДСҰ: Тырысқақтан қауіп артып келеді
Жыл басынан бері әлемде тырысқақтан 4500 адам қайтыс болды.
Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 2 есе көп. Дертті жұқтырғандар саны да өскен. Былтыр тырысқаққа 470 мыңнан астам адам шалдықса, биыл олардың қатары 582 мыңға жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы есебінде мәлімдеді. Тырысқақ әсіресе, Африканың 16 мемлекетіне қауіп төндіріп тұр. Сирия мен Ауғанстанда да кеңінен таралып жатыр. Халықаралық ұйым дерегінше, тырысқақтың көбеюіне вакцинаның тапшылығы себеп. Айта кетейік, тырысқақ көп жағдайда лас су мен тұрып қалған тағамды тұтынғаннан пайда болады.