Түрік лирасы тағы да құнсызданды

Түрік лирасы АҚШ валютасына шаққанда 0,73 пайызға құлдырады.

Мамандар мұны рекордты көлемде құнсыздану деп тіркеді. Яғни 1 доллар 28 лирадан сатылып жатыр. Жалпы соңғы 12 айда түрік лирасы 49 пайызға дейін төмендеді. Мәселен, маусым айында 1 доллар 20 лирадан 26 лираға бір-ақ көтерілген. Экономистер түрік валютасының құнсыздануын Орталық банктің ақша-несие саясаты және елдегі жоғары инфляциямен байланыстырады.