Израильдегі шетелдіктерді эвакуациялау жалғасуда
Бірнеше мемлекет өз азаматтарын Израильден эвакуациялап жатыр.
Польшаның 3 әскери ұшағы Варшаваға 250-ден астам адамды жеткізді. Кеше Италияның 2 әскери ұшағы 200-ге жуық кісіні елге қайтарған болатын. Ал Венгрия әскери әуе күштері бір түнде 325 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Сондай-ақ, Вифлеем қаласында қалып қойған Үндістанның 27 азаматы Мысырға эвакуацияланған. Осыдан 1 күн бұрын 92 азаматын арнайы рейспен алдырған Болгария үкіметі екінші ұшақ жіберіп, тағы 87 адамды Отанына әкелді. Корея 200-ден астам азаматын Сеулге шұғыл жеткізді. Қақтығыстың күшеюіне байланысты барлық халықаралық әуекомпаниялар Тель-Авив бағытындағы рейстерді тоқтатқан еді.