Жаһанда өсімдік әлеміне қауіп төнді
Ғалымдар климаттық өзгерістермен орманды негізсіз отау салдарының зардабы ауыр болатынын айтады.
"Әлемдегі өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың қазіргі жағдайы ғалымдарды алаңдатып отыр. Кью корольдік ботаникалық бағының зерттеушілері фауна әлеміндегі деректерді жариялады.
Матильда Браун, табиғатты қорғау жөніндегі талдаушы:
- Біз білетін барлық өсімдік түрлерінің жартысына жуығы жойылып кету мүмкін. Мысалы, гүлдердің 45%-ына қауіп табиғи қауіп төніп тұр. Ал біз білмейтін зерттелмегендері қаншама. Егер климаттық өзгерістер жалғаса берсе, құрып кету қауіпі өте жоғары.
Зерттеушілердың пайымынша жойылу қаупі алдында тұрған өсімдіктердің 77 пайызы - 2020 жылы есепке алынған. Ал жүз жыл бұрын құпиясы ашылған гүлдер мен ағаш түрлеріне айтарлықтай қауіп жоқ. Енді кью ғалымдары, жуықта зерттелген өсімдіктерді "жойылып кету қаупі бар" тізімге қосуды ұсынды.
Матильда Браун, табиғатты қорғау жөніндегі талдаушы:
- Дәрі-дәрмектеріміздің жартысы енді бізге қолжетімсіз болады деп елестетіп көріңізші. Өйткені оларды дайындайтын өсімдік түрлері жойылып кетеді. Экожүйедегі бұл өзгерістер болашақта Жер тұрғындарына кері әсер етері сөзсіз.
Авторлар ғылымға белгілі 350 000 өсімдіктің 70 000-ға жуығын зерттеді. 2016 жылдан бері деректерді жариялап келеді. Анығы сол жаһандық климаттық өзгерістер мен ормандарды отау сияқты фактілер өсімдік түрлерінің жойылып кетуін жылдамдатып отыр.
Авторы: Сымбат Ғалымжан