Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс басылар емес

Израильде оққа ұшқандар саны мыңға жетті.

2 жарым мыңнан астам адам ауыр жараланған. Ал Газа секторында қаза тапқандар саны 900-ден асып, 4 жарым мың тұрғын зардап шекті. Халықаралық ұйымдар дәрі-дәрмек пен қажетті заттар жеткізу үшін гуманитарлық іс-шаралар ұйымдастыруға әрекеттеніп жатыр. Таяу Шығыстағы қақтығыста көз жұмғандар арасында шетелдіктер де бар. АҚШ-тың 14, Францияның 8 азаматы қайтыс болып, тағы 20 шетелдік із-түзсіз жоғалып кеткен.