Израильдегі ахуал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қаралады

Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс әлі де жалғасып жатыр.

Израильде құрбан саны 1200-ге жетті. Үш мыңнан астам адам жараланған.

Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мыңдаған палестиналық қаза тапқан. Ауыр жараланғандар саны мұнан бес есе көп. Газа шекарасы маңынан гуманитарлық дәліз құру туралы келіссөз басталды. Ертең Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты шұғыл отырыс өтеді. Отырыстың ашық немесе жабық түрде өтетіні белгісіз.