Сингапур өзінің құрлық бөлігін ұлғайтады
Сингапур құрлық аумағын 4 пайызға ұлғайтады.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Теңіз деңгейінен 4,8 метр төмен орналасқан елде тасқын жүру қаупі төніп тұр. Халықтың тығыздығы да кері әсер етіп отыр. Сол себепті Сингапур билігі 2030 жылға дейін саяз жерге құм үйінділерін төсеп, жаңадан жер жасау жұмыстарын жүргізбек. Жалпы арал-мемлекеттің жері соңғы 100 жылда 27 пайызға үлкейген. Айта кетейік, Сингапур бір ғана қаладан тұратын әлемдегі жалғыз ел. Жер аумағы 63 аралдан жасақталған.