Бразилиядағы өзенде кеме қайраңдап қалды
Бразилияның Амазон аймағында Риу-Негру өзені құрғап, біраз аумағы сорға айналды.
Осының салдарынан үлкен тасымалдағыш кеме қайраңдап қалған. Су көлігінде бірнеше жүк машинасы мен азық-түлік, ауыз су, газ, жанармай салынған контейнерлер және құрылыс материалдары бар. Айта кетейік, өңірдегі қуаңшылыққа су температурасын жылытатын "Эль-Ниньо" құбылысы кері әсер етіп жатыр. Биыл жауын-шашын әдеттегіден аз жауып, жазда ерекше ыстық орнады. Жергілікті халықтың негізгі күнкөріс көзі - балықтар жаппай қырылып, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс күшейіп барады.