Антарктидада мұздың 40%-тен астамы еріп кетті
Антарктида төңірегіндегі мұздың 40%-тен астамы еріп, мұхиттарға 7,5 миллион тонна су құйған.
Әсіресе Гетц маңында 1,9 трлн тонна мұз суға айналған. Зерттеушілер Антарктиданың батысындағы теңіз түбіндегі температура шамамен Цельсий көрсеткішімен 2 градусқа тең екенін айтады. Бұл жер үсті мұзын еріту үшін жеткілікті. Ғалымдар бұл құбылысты жаһандық жылынумен байланыстырады. Сондай-ақ мұхиттар мен теңіз деңгейінің күрт көтерелуі ғаламшарға аса қауіпті дейді.
Пьер Дутриер, зерттеуші:
- Бұл көрсеткіштер – 25 жыл бойы жүргізілген зерттеу қорытындылары. Еуропалық ғарыш агенттігімен бірге теңіздегі ауа температурасын бақылайтын кесте жасалды. Бұл бізге мұздықтардың еру жылдамдығы мен мұз беті қалыңдығын анықауға мүмкіндік береді.