Канар аралдарында 500-ден астам мигрант құтқарылды
Канар аралдары архипелагының жағалау күзеті 500-ден астам мигрантты құтқарды.
Кеше тағы 56 адам Гран Канарияға келіп тоқтады. Жергілікті билік қатары тым көбейген келімсектерді, өзге аумақтарға көшіруге мәжбүр. Оларды инфрақұрылымы дамыған Тенерифе аралына жіберіп жатыр. Статистика бойынша, биыл Испанияға теңіз арқылы келген нөпірлер саны бес есе өскен. Ал қыркүйекте мұнда бағыт алған 3500 мигрант тіркелді.