Францияда ер адам мектепке шабуылдап, мұғалімді пышақтап өлтірді
Францияда жас жігіт мектепке пышақпен шабуылдап, 1 мұғалімді мерт қылды.
Тағы 2 қызметкер жараланды. Оқиға осы елдің солтүстігінде Аррас қаласында болды. Мектепке дереу жеткен полиция қаскөйді тұтқындады. Ол осы оқу орынының түлегі болған деген ақпарат бар. Бірақ оның мұндай қадамға не себепті барғаны әлі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.