Шекарадағы шөлейтте мигранттардың өлімі жиіледі

АҚШ-тың Нью-Мексика штатындағы шөлейтте шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған мигранттар жиі опат болады.

Жыл басынан бері Мексикамен шекаралас аймақта 150-ге жуық босқын көз жұмған. Бұған өңірдің ыстық климаты себеп. Ал былтыр екі ел шекарасында 700-ге жуық мигрант қайтыс болды.