Францияда шабуылға қарсы 7 мың әскер тартылады

Франция елдегі қауіпсіздік деңгейін күшейтті.

Ел президенті Эммануэль Макрон террорлық әрекеттің алдын алу үшін 7 мың әскер тартуды тапсырды. Шұғыл шара мектеп педагогіне шабуыл жасаған жігіттің әрекетінен кейін қабылданды.

Қаскөй француз тілінің мұғалімін аяусыз өлтіріп, тағы 2 адамды жаралаған болатын.