Таиландта жылдам тамақтану байқауы өтті
Таиланд тұрғындары ұлттық тағамды жылдам жеу бойынша бақ сынады.
Шара Анг-Тонг провинциясында өтті. Байқаудағы басты талап – қайнатылған балық, көкөніс, жеміс-жидек және 40 дана бөдене жұмыртқасын тез тауысу. 7 елді мекеннен 25 топ бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс туристер ағынын арттырып, ұлттық құндылықты дәріптеуге мүмкіндік береді.