Марракеш қаласы қалпына келе бастады

Марракеште қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Алапат зілзаладан кейін Марокконың бұл көне шаһарындағы құрылыстың біразы қатты зақымданған еді. Әсіресе ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енген ескерткіштері бүлінген. Оларды қалпына келтіруді Мәдениет министрлігі қолға алды. Айта кеткен жөн, қыркүйектің басында Мароккода жойқын жер сілкінісі болған еді. 3 мыңға жуық адам қаза апты. Қираған ғимаратта есеп жоқ. Солтүстік Африкадағы бұл мемлекет туристер арасындағы танымал бағыттың бірі саналады. Әсіресе көне шаһар - Марракешке келетін саяхатшылар көп.