Австралия халқы конституцияны өзгерткісі келмейді
Елде кеше өткен референдумның алдын ала қорытындысы осындай.
Онда арнайы консультативтік орган құру мәселесі көтерілді. Бұл құрылым байырғы халықтардың мүддесін қорғау керек еді. Алайда көбі ондай орган құрып, ата заңды өзгертудің қажеті жоқ деп дауыс берген. Австралияда тұрғындарының 3 пайызы байырғы халықтар. Бұл шамамен 800 мың адам. Олар негізінен шалғайдағы ауылды мекендерде өмір сүреді. Тұрмысы нашар. Арасында ішімдікке салынғандар көп. Денсаулығы да мәз емес. Консультативтік орган құрудағы басты мақсат осы проблемаларды шешу еді. Алайда қарсы дауыс бергендердің біразы бұл халықты бөліп жару деп санайтынын айтқан.
Джейд Ритчи, жергілікті тұрғын:
«Билік өкілдерінен кінә жоқ. Олар байырғы халықтардың өмірін жақсартуға тырысып-ақ жатыр. Бізде өзгерістер енгізетіндей мүмкіндік болды. Алайда австралиялықтар оны жіберіп алды».